27.04.2021, 16:31
Оқылды: 125

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында өңірде оқыту-семинар өтуде

27-28 сәуір күндері аралығында Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен Батыс Қазақстан облыстық «Медет» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қоршаған ортаны қорғау, экология және қауіпсіздік техникалары салаларындағы түйткілді мәселелер» атты облыстық оқу-тәжірибелік семинары өтуде.

IMG-20210427-WA0051-01

Аталмыш шараның пленарлық мәжілісіне Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайым орынбасары Бауыржан Атауов қатысып, «Кәсіподақ – қауіпсіз еңбек үшін!» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, жиынға Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы Асылұлан Досжанов та қатысып, өндірістегі травматизмнің жай-күйіне тоқталды.

Алғаш болып сөз алған кәсіподақ өкілі алдымен қатысушыларды 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнімен құттықтады.
Өз сөзінде «Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясының қызметінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Осы орайда әр кәсіпорында бекітілген еңбек, ұжымдық шарттарда әр жұмысшының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау басым орында болуы тиіс. Дегенмен, елімізде кәсіпорындарында жыл сайын 1300-ден астам қызметкер жарақат алады, - деді ол.

Сонымен қатар, облыс бойынша кәсіподақ ұйымдары бар мекеме-ұйымдарда, кәсіпорындарда 400-дің үстінде өндірістік кеңес құрылғаны және 733 техникалық инспектордың жұмыс істейтіндігіне тоқталды. Бүгінгі күні еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар тарапынан  200-ге жуық тексерістер жүргізіліп, нәтижесінде 384 еңбек қауіпсіздігін бұзу фактілері анықталғанын айтты.
Жиын соңында Бауыржан Аяпбергенұлы: «Кейбір жағдайлар құқықтық сауаттылықтың төмендігінен орын алып жатады, сондықтан еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында көбірек оқулар  ұйымдастыру керекпіз, жыл басынан бері облыстық кәсіподақтар орталығының өзінде де аталмыш оқулардың бірнешеуі өткізілді», - деді.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале