31.08.2023, 11:15
Оқылды: 43

Еділ - Жайық арасы қалай қоныстанған?

Біле жүріңіз!

 

ХІХ ғасырдың басы Кіші жүз қазақтары үшін әлеуметтік күйзеліс пен саяси дағдарыстың өте ауыр жүрген кезі еді. Сол кезде Кіші жүзге ішкерлей енген патша өкіметі мен Орал казактары қазақтың мал жайылымы мен көші-қоң қоныстарына ұдайы шабуыл жасап, елдің берекетін кетірді.

жп су

Одан шығудың жолын іздеген Бөкей сұлтан патшадан Еділ - Жайық арасын қоныс сұрайды.

Ондағы мақсат біріншіден, қатты күйзеліске ұшыраған кіші жүз руларын жайылым мен жаңа қонысқа көшіру болса, екіншіден, Орал казак атамандарының шапқыншылығынан құтылу. Ал үшіншіден, Еділ-Жайық аралығын патша заңымен заңдастыру еді. Осылайша, Бөкейдің өтініші қанағаттандырылып, оған жауап ретінде І Павел «Бөкей Нұралыұлын қарауыма алып, Еділ - Жайық арасына қоныстанып, көшіп-қонып жүруіне ұлықсат ретінде, өзімнің суретім салынған бейнемді беремін» дегені белгілі. Кейіннен бірқатар зерттеуші Бөкейдің Еділ - Жайық арасына келуін түрлі тұжырымдар жасау арқылы өз талдауларын айтты. Мәселен, тарихшы М. Вяткин: «Бөкей ордасының құрылуына сол кездегі рулар шаруашылығының тұйыққа тірелуі және қазақ жеріне енген феодалдық қатынастар» десе, келесі тарихшы В. Шахматов: «Бөкей ордасы құрылуының басты негізі Кіші жүздегі патша саясатының салдары, сондай-ақ шаруашылық құлдырау мен қазақ қоғамының феодалдануы» деген пікірін қалдырды. Қалай болғанда да Бөкейхан саясаты, Бөкейхан дипломатиясы әлі талай жазылар, тек одан сабақ алар ұрпағың болсын.

 

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале