«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

Елдің 6 өңірінде ақша кірісі халықтың шығынын жаппайды

Finprom.kz-тің мәліметі бойынша, 2022 жылдың төртінші тоқсанында халықтың жан басына шаққандағы орташа ақша кірісі 252,4 мың теңге болған. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 17,7% көп деген сөз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

акша жп 2

Ресурстың мәліметінше, 2021 жылы қазақстандықтардың жан басына шаққандағы ақшалай кірісі 214,5 мың теңге болған. Бір қызығы 2021 жылдың ақырғы тоқсанында халықтың ақшалай шығыны да 214,5 мың теңге екені тіркелген. Ал 2022 жылдың осы кезеңінде шығын көрсеткіші 15,1% артып, 246,8 мың теңге болған.

Өңірлер арасында ақша кірісінің ең жоғары мәні Астанада тіркеліп отыр – жан басына шаққанда 357,3 мың теңге. Екінші орында Қарағанды облысы – 354,9 мың теңге. Алғашқы үштікті Ұлытау облысы түйіндеп тұр – 339,1 мың теңге.

Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында – 163,3 мың теңге.

Сондай-ақ, 6 өңірде халықтың ақша шығысы кірісінен асып түскен. Алматы болысында халықтың жан басына шаққандағы ақша кірісі шығынынан 14,8% аз болған. Жетісу облысында бұл көрсеткіш 14,5%, Шымкентте 8,6%, Алматы қаласында 8,2%, Түркістан облысында 8%, Жамбыл облысында 5,2%.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале