12.06.2022, 14:33
Оқылды: 98

Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №449 Қаулысына сәйкес, маусым айының екінші жексенбісі Малшылар күні болып бекітілген.

B98CE2E1-BC95-48D8-BE09-69931ECC7A89

Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

«Қазақстан – бағзы заманнан мал шаруашылығымен айналысатын ел. Дәл осы мал шаруашылығы әрқашанда қазақтың тұрмысының негізі, көшпелі халық өмірінің аса маңызды бөлігі болып келді. Салада әрқашан мақтан тұтатын жетістіктер жеткілікті. Айтар болсақ, қазақтың ақбас және әулиекөл сынды ірі қара тұқымдарының сапа көрсеткіштері бойынша әлемде теңдесі жоқ. Соңғы жылдары елімізде мал шаруашылығының даңқты дәстүрі қайта жаңғырып жатыр», - деді министр құттықтау сөзінде.

Ол бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тікелей субсидиялау жүзеге асырылып жатқанын және мал шаруашылығы секторында жұмыс істейтін 30 мыңнан астам ауыл шаруашылығы өндірушілері жыл сайын мемлекеттің қолдауына ие болатынын еске салды.

«Мен қажырлы еңбегі және кәсібилігімен елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен халықтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз етіп отырған саланың барлық қызметкерлерін құттықтағым келеді. Агроөнеркәсіптік кешеннің жетістіктерінде – жерді өңдеп, нан, көкөністер мен жемістер өсіретін, сүт пен ет, азық-түлік тауарларын өндіретін қарапайым жұмысшылардың да, осы саланың мамандары – жетекшілер, аграрлық ғалымдардың, ауылдағы әлеуметтік-мәдени сала қызметкерлерінің де оразан зор еңбегі бар. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз және мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын», – деп атап өтті Қарашөкеев.

Ресми дерек бойынша, 2022 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға шамамен 124,6 млрд теңге бағытталады. Бұл салада мемлекеттік қолдаумен субсидиялаудың 30-ға жуық бағыты көзделіп отыр. Ал 2021 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға әкімдіктер 108,1 млрд теңге бағытталып, республикалық бюджеттен қосымша 13,6 млрд теңге бөлінген.

Айта кетсек, Малшылар күнін күнтізбеге енгізу туралы Үкімет қаулысы 2021 жылдың 14 шілдесінде жарияланған болатын.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале