28.11.2019, 12:56
Оқылды: 71

Еріктілер мәдени мұраны сақтауға үлес қосады

2020 жыл Қазақстан Республикасында"Еріктілер жылы" деп жарияланды. Ал "Волонтерлік қызмет туралы" ҚР Заңы 2016 жылы қабылданған болатын. Заңның 6-бабының 7-тармағында мәдени мұраны сақтау саласын қолдауға ерекше назар аударылған.

Осы жағдайларды назарға ала отырып, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау бойынша волонтерлік қызметке көптеген адамдарды, жастарды, студенттерді, сондай-ақ қалпына келтіру, сәулет, тарих, өнертану саласындағы мамандарды тарту мақсатында "Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры" жеке қоры "АТАМҰРА-НАСЛЕДИЕ" жобасын (Мәдени мұра волонтерлар мектебі) жүзеге асырды.

WhatsApp Image 2019-11-27 at 11.22.07

Жоба аясында, 8-10 қараша Ақжайық, 14-15 қараша күндері Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарына экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция барысында қорғауға алынбаған ескерткіштер тіркеліп, тізімге алынып, фото, видео түсірілім жасалып, GPS координаттары алынды.

WhatsApp Image 2019-11-27 at 11.22.06 (1)

16 қараша 50-ге жуық тілек білдіруші үшін қалалық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияны Нина Пустовая жүргізді. Экскурсияға қатысушылардың арасында колледж, университет студенттері, мектеп оқушылары, аудан мектептерінің мұғалімдері және қызығушылық танытқан еріктілер болды.

WhatsApp Image 2019-11-27 at 11.22.06

Сонымен қатар, 17 қараша күні мәдени мұраны сақтау бойынша семинар-тренинг өткізілді. Қатысушылар өлкетанушы, этногроф, археолог мамандардың, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы мамандарының практикалық дәрістерін тыңдады.

Қатысушылар ХІХ ғасырдың құлпытастарындағы сандарды оқуды, ескерткіштің төлқұжатын толтыруды, археологиялық қазба және этнографиялық зерттеу негіздерін үйренді.
Семинар-тренингке қатысқан әр ерікті жаңа мағлұматтар біліп, жоба ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді. Шара соңы естелік суретке түсумен және марапаттаумен аяқталды.

Айболат Құрымбаев

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале