17.10.2019, 17:01
Оқылды: 538

Ертең Оралда «Музей түні» өтеді

18 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музейлер шеруі» республикалық акциясы аясында «Көне дүние күмбірі» атты ашық есік күні және «Музей түні» мерекелік шаралары ұйымдастырылады.

museum

сурет: Максим Рожин

Бағдарламада:

14.00-19.00 Киіз басу өнерінен шеберлік класс

15.00-16.00 Жәрмеңке

16.00-17.00 «Музейстар-2019»(Жаһанша Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж)

18.00-19.00 Түнгі музей (мерекелік концерт)

19.00-19.30 «Қыш құмыралар құпиясы» атты көрменің ашылуы

19.30-20.00 «Ортағасырлық Жалпақтал» қалашығының  көрмесінің ашылуы

20.00-20.30 Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ортағасырлық Сарайшық - Қазақ елінің астанасы» атты көрмесінің ашылуы.

20.30-20.50 Бал («Жәңгір» атты спектакльден үзінді)

20.50-21.00 Этно-фольклорлық ансамбльдің орындалуындағы  әуендер.

21.00-21.30 Зерттеуші-ғалым Мұстафа Ысмағұловтың туғанына 105 жыл толуына арналған «Халық мұрасының жанашыры» атты көрменің ашылуы

21.30-22.00 Атырау облысының Махамбет тарихи-өлкетану музейінің «Ұлы дала тарихы- ұрпаққа аманат» атты көрмесінің ашылуы.

Көрерменнің Алтын ханшайым, Махамбет пен Исатай, Троя арулары бейнесіндегі актерлермен суретке түсуіне мүмкіндігі болады.

22.00-03.00 Музей залдарында экскурсия.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале