Басты жаңалықтар
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
6 Желтоқсан 2023
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат…
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
6 Желтоқсан 2023
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтың қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады. «Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевтің отбасы…
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
6 Желтоқсан 2023
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауылдастарымен есептік кездесу өткізді. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. «Жымпитыдан Қособаға ауыз су келеді деген?…
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
5 Желтоқсан 2023
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық…
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
5 Желтоқсан 2023
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар…
Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»
5 Желтоқсан 2023

Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

ЕҰУ ғалымдары кабельдік-өткізгіш өнімдерінің ыстыққа төзімділігін 40%-ға арттырды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ ғалымдары полимерлі кабельді оқшаулаудың ыстыққа төзімділігін 40%-ға арттырды. Бұл әдіс отандық кабельдік-өткізгіш өндірісінде инновация. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
71506222635cbd86942bb702e01d253c_1280x720
ЕҰУ ғалымдары өндірушілермен бірге радиациялық тігу әдісін қолданған. Жаңа технология ЭЛВ-4 электрондардың өнеркәсіптік үдеткіші арқылы жасалған және фотовольтаикалық әрі мұнай-суасты кабельдер өндірісінде қолданылады.
«Біз радиациялық модификацияланған кабель өнімдерін тұтынушылармен алдын ала келісім жасадық. Кабель түрлерін қолдану бойынша перспективалық бағыттардың бірі атом электр станциялары болуы мүмкін. Жалпы кабельдердің қолданылу аясы кең: фотовольтаикалық кабельдер фотоэлектрлік жүйелердің жылжымалы және стационарлық құрамдастарын (күн модульдері, құрылғылары және т.б.) қосуға қажет, ал мұнай-суасты кабельдер мұнай және су көтергіш қондырғылардың суасты электр қозғалтқыштарына электр энергиясын беру үшін және ұңғымаларды бұрғылау кезінде мұнайды айдау үшін қолданылады. Пайдалану ерекшелігіне байланысты олардың оқшаулануы жоғары температура мен қысымға төтеп беруі тиіс, сондай-ақ болат лентадан жасалған броньмен жабдықталуы тиіс», - деп атап өтті ЕҰУ жанындағы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ жобалау тобының басшысы Азат Нұрқасымов.
Қазір ғалымдар мұнай және газ өнеркәсібі үшін жоғары температуралы, ыстыққа төзімді, өзін-өзі реттейтін кабельдер өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.
Өнімнің жаңа түрі энергияны үнемдеумен қатар температураны реттейтін құрылғыларды орнатуды қажет етпейді.
«Мұндай инновациялық кабельдер қоршаған орта температурасына байланысты қарсылықты реттей алады. Қарапайым тілмен айтқанда, кабель қоршаған орта салқын болса қызады, ал қоршаған орта температурасы жоғарыласа салқындайды. Бұл кабель қызып кетпейді, энергияны үнемдейді және ешқандай бақылау құрылғыларын қажет етпейді. Мұндай кабель өнімдерін жасау үшін наноқұрылымдық материалдар пайдаланылады», - деді ЕҰУ ғалымы.
Қазір ЕҰУ ғалымдарының өнімдері сертификат талаптарына тексеріліп жатыр.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале