27.12.2021, 15:30
Оқылды: 0

Филиппинде тайфуннан қаза тапқандар саны 389 адамға жетті, 64-і із-түзсіз жоғалған

Тынық мұхитындағы «Раи» тайфунынан мерт болғандар саны 389 адамға жетті. Бұл туралы дүйсенбі күні Philippine News Agency мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

190810105555982e

Оның дерегінше, 1146 адам зардап шегіп, 64-і із-түзсіз жоғалғандар тізімінде. Мұның үстіне 4,2 млн. тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Филиппин билігі зардап шегушілерге көмек көрсету үшін 1,1 мыңнан астам эвакуациялық орталық ұйымдастырды.

Тайфун республиканың инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығына сәйкесінше 16,7 млрд. песо ($332,8 млн.) және 5,3 млрд. песо ($105,6 млн.) залал келтірген. Бұдан бөлек, тайфун 167 мың тұрғын үйді толықтай қиратқан. Гонконгтың метеорологиялық обсерваториясы 16 желтоқсанда биылғы маусымдағы «Раи» деп аталатын 22-ші тайфун Тынық мұхитының батыс бөлігінде қалыптасқанын хабарлаған болатын. 22 желтоқсанда Филиппин президенті Родриго Дутерте бірнеше өңір аумағында бір жылға төтенше жағдай режимін енгізгенін жариялады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале