2.09.2019, 11:31
Оқылды: 307

«Halyk bank» оралдық зейнеткерге «Toyota Camry 70» көлігін сыйлады

Оралдық зейнеткер Зубайда Қонақбаева «Халық банкінде» кепілсіз кредит ресімдеп «Toyota Camry 70» темір тұлпарын ұтып алды.

haly-
Ұтыс ойынның жеңімпазы 15 тамызда кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен банктің желідегі ресми парақшасында тікелей эфир арқылы анықталды.

«Мен зейнеттегі адаммын. Шыңғырлау ауданы Жеңішке ауылының орта мектебінде мұғалім болып еңбек еттім. Бес баланы тәрбиелеп өсіріп, өндірдім. Алты жыл бұрын Оралға қоныс аудардық. Кредитті Алматыға оқуға түскен немерем үшін алып едім. Ал бүгін тосын сый болып көлікке ие болып жатырмыз», – деді Зубайда Қонақбаева.

haly-2-768x512

Естеріңізге сала кетейік, ұтыс ойынның бірінші кезеңінің жеңімпазы Петропавл қаласының тұрғыны Надежда Федосова атанды. Ең алғашқы болып көлікті ұтып алған жеңімпазға Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауданында көлік табысталды.

«Halyk bank» ұсынған ұтыс ойынның ең соңғы кезеңі осы жылдың 15 қазанында әдеттегідей желідегі банктің ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде жариялайды. Бұл жолы ұтысқа жол талғамайтын көлік қойылды. Көлік ұтып алу үшін қыркүйек айының 30 жұлдызына дейін банктің кез келген бөлімшесінен кепілсіз кредит рәсімдеу қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале