28.07.2022, 10:30
Оқылды: 1

Ілеспе аударма сағатына барғанда...

Иә, сөз жоқ, 4-8 шілде аралығында Орал шаһарында ілеспе аударма бойынша шеберлік сағаттары керемет өтті. Оны біз осы іс-шараға қатысқандардың пікірінен аңғарып қалдық. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған бұл курсты М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде жазушы, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова жүргізді. Сабақтар барысында «Ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру» және «Ілеспе аударма жүргізуді үйрету» тақырыптары қамтылды.

10

Асқақ өнер һәм білікті ұстаз

– Әр салада адамның өзін алғаш рет шын маман сезінетін бір меже, өлшем болады. Әскери тілде мұны «Биіктікті алу» дейді. Медбикенің ине салуы, мұғалімнің сабақ өткізуі, актердің рөлде ойнауы сияқты. Ілеспе аудармада бұл – пультке отырып, аударма жасау. Құлағыңа тыңдауыштан құйылған сөз ағынын тыңдап, баламасын іздеп, ойша жанталасу. Сөйлеушіге ілесем деп денең бір ысып, бір суыну. Білетін сөзің тіліңнің ұшында тұрса да, сол сәтте есіңе түсе қоймауы. Кенеттен даусың шықпай қалуы... Тағысын тағылар... Мұның бәрін бір-ақ сөзбен айтуға болады: СТРЕСС! Мұны ізімнен ерген ілеспе аудармашы шәкірттерімнің бәрі растай алады.

11

Бұл – міндетті түрде еңсерілуі тиіс сынақ. Және жиынды аударуға келгенде емес, үйреніп жүрген кезіңде. Курс кезінде ілеспе аударма жабдығы бар залда тәжірибе өткізу қажеттігін айтатыным сондықтан. Кейде осы шартты орындау барысында қиындықтар туындап жатады. Бәлкім, ілеспе аудармашы мамандығының қиын тұстары болатынын білмегендіктен шығар. Менің курсыма қатысушылар облыстық мәслихат залында осындай сынақтан өтті. Жабдықтың әр функциясымен танысып, аударма жасаудың бар қызығы мен қиындығын бастан кешті: абдырады, білген сөзі аузына түспей састы, қызықты, өз бойындағы қабілетіне таңырқай қарап, тағы аударма жасағылары келді. Ең бастысы, пультке отыру жауапкершілігін сезінді. Өңірдегі осындай сирек мамандық иелерінің қатарын көбейту үшін мүмкіндік жасап жүрген облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ғаниева сіңліме мың алғыс, – дейді Камал Әбілқасымқызы.

 

9

Бұл мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №88 санынан оқи аласыздар!

Әлкеш Қалқаман,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале