24.12.2020, 13:34
Оқылды: 85

Имамдарды марапаттады

Бүгін Ақжайық төрінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойының медалімен аудан, ауыл мешітінің бас имамдары маратталды.

IMG-20201223-WA0042

Алдымен Орал орталық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жолдап, Алла жолында аянбай, ұзақ уақыт имандылық жолында еңбек етіп келе жатқан имамдарды арнайы қабылдап, медальды өңірлеріне тағып, жұмыстарына береке тіледі.

IMG-20201223-WA0041

Олардың қатарында Жәнібек аудандық мешітінің бас имамы Есенболат Абдуғалиев, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиев, Бәйтерек ауданы, Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатов бар.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале