14.10.2021, 17:02
Оқылды: 86

Instagram жұмысынан ақау шықты

Бірқатар елдерде Instagram қолданушылары қызметтегі ақауға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі  Downdetector сілтеме жасап.

37

Әлеуметтік желідегі ақау туралы АҚШ, Канада, Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Франция, Ресей және басқа да елдердің пайдаланушылары хабарлады.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 14.33-тен кейін пайда болды.

Хабарламалардың көпшілігі қосымшаның жұмысына (55 пайыз), серверге қосылу проблемаларына (22 пайыз), жаңалықтар таспасының дисплейіне және веб-сайттың жұмысына (22 пайыз) қатысты.

Сурет: ria.ru

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале