23.02.2024, 17:00
Оқылды: 24

Италиялық пианист Astana Opera халықаралық академиясының солистеріне мастер-класс өткізеді

Astana Opera халықаралық опера академиясының тәлім алушылары «Қоңырау немесе дәріханашының алғашқы неке түні» комикс операсының премьерасына дайындалуда.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

6dca4d2952c13b54ced5d42efbc3aa5c_1280x720

Фото: www.gov.kz

Қойылым сәуір айының соңында сахналанады.

Солистермен алғаш рет белгілі опера педагогы, пианист, дирижер Алессандро Бениньи жұмыс істейтін болады. Мастер-класс өткізу үшін коуч-пианист Италиядан арнайы шақыртылған.

Оқу барысында Бениньи екпін қойып, солистермен «бельканто» стилистикасы мен фразировкасын пысықтайтын болады.

Алессандро Бениньи 20 жылдан астам уақыт Озимодағы (Италия) Лирикалық өнер академиясында сабақ берді және әлемдік опера орындаушыларымен жұмыс істеген. Пианист және музыкалық жетекші ретінде ол Еуропаның, Жапонияның және басқа да елдердің танымал театр, фестивальдарымен ынтымақтастықта қызмет етті.

Енді маэстро өзінің баға жетпес тәжірибесі мен білімін қазақстандық солистермен бөліседі.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале