15.05.2023, 12:18
Оқылды: 257

Қайтарымсыз грантқа өтінім қабылдау басталды: талаптары қандай

Республика бойынша 2 697 адамға грант беру жоспарланған.

1645733877_1-kartinkin-net-p-kartinki-molodezhnie-1

15 мамырдан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша 2 697 адамға грант беру жоспарланған.

Өтінімдер Business.enbek.kz порталында қабылданады.

Мемлекеттік грант – жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз берілетін бастапқы капитал, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Грант көлемі – 1 380 000 теңге (400 АЕК). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін қажет:

  • порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  • бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.

  • жаңа бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:
  • тіркелген жұмыссыздар;
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар
  • аз қамтылған отбасы мүшелері;
  • көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуға тиіс.

halyq-uni.kz

Фото ғаламтордан

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале