14.03.2022, 12:00
Оқылды: 62

Қаңтар оқиғасында 1,5 мыңнан астам мемлекеттік және коммерциялық ғимаратқа залал келтірілді – Бас прокуратура 

Қаңтар оқиғасы кезінде 1,5 мыңнан астам мемлекеттік және коммерциялық ғимаратқа залал келтірілді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220314111323683e

«5 қаңтар күні Алматыда шабуыл жасағандар өрт сөндіру көлігімен және жүк автокөлігімен Президент Резиденциясының дуалын бұзып кірген. Олардың барлығы қаруланған. Осы қалада Байтұрсынов пен Төле би көшесінің бұрышында басып алған бензовозбен алдымен полицияның арнайы көлігін қағып өтіп, кейін оны полицияның қоршауына қарай бағыттаған. Қызылордада КамАЗ көлігін артып алып, жүк көлігімен Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне қарай бағыттады. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, - деді Б. Асылов.

«1,5 мыңнан астам мемлекеттік және коммерциялық ғимаратқа зақым келтірілді. 765 автокөлік өрттенген, олардың арасында өрт сөндіру мен жедел жәрдем, полицияның әрі азаматтық көліктер бар. Азаматтар мен бизнеске, мемлекетке миллиардтаған шығын келтірілді», - деді ол.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале