2.09.2026, 12:00
Оқылды: 5

Қара дегелек: көптің көзіне түсе бермейтін құс

Қара дегелекті табиғатта кездестіру оңай емес. Ол адам көп жүретін жерлерден аулақ болып, тыныш орманды және су маңындағы аумақтарды мекендейді, - деп жазады Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

1b66e6df34023ea3a1d2d61c4ebc6e80_1280x720

Атауына қарап оны тұтастай қара деп ойлауға болады. Бірақ жақыннан қарағанда қауырсындары күн сәулесіне қарай жасыл-күлгін реңк береді. Құрсағы ақ, ал тұмсығы мен аяқтары қызыл.  Қара дегелек ұясын көбіне биік ағаштарға немесе жартастарға салады. Қорегін су маңынан іздейді, балықтармен және қосмекенділермен қоректенеді. Бұл құстың тағы бір ерекшелігі — өте сақтығы. Ақ дегелек адамдарға жақын жерлерде де кездессе, қара дегелек керісінше оңаша мекендерді таңдайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале