17.05.2021, 18:16
Оқылды: 143

Кәсіподақ мүшелері сакральді жерлерге экскурсия жасады

«Оқу жылы аяғына тақап келеді, мұғалімдер жүктемесі де жеңілдеуде. Бұл орайда кәсіподақ комитеті ұстаздардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру шараларына белсенді кірісуде», - дейді №46 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жаңылсын Юркевич.

4E27332F-1CAD-429C-A8EF-E9DB0417A2E4

«Белсенді ұжым – жемісті жұмыс» қағидасын ұстанатын кәсіподақ төрайымы – Жаңылсын Айдынғалиқызы мектеп жанындағы кәсіподақ ұйымының мүшелері үшін Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданында орналасқан тарихи мұражайлар мен сакральді жерлерге экскурсия ұйымдастырды.

Еске сала кетейік, XIX ғасырдан бері мәдениет пен өнердің, тарих пен білімнің орталығы болған, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан  – Бөкей орда ауданы халық аузында Хан ордасы деп те аталады. Себебі бұл өлке - хандардың, сұлтандардың, батырлардың ерліктерімен, саяси-экономикалық еңбектерімен тарихта қалған. Тұңғыш қазақ жерінде негізі қаланған мектеп те осы өлкеде еді. Бүгінгі таңда, жолының ұзақтығына қарамастан Бөкей ордасы ауданына келушілер саны да аз емес.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы өз сөзінде:

- Еңбек адамының көңіл күйі, қызығушылығы - әрдайым кәсіподақ назарында. Біздің бастауыш кәсіподақ ұйымы басқа бірлестіктер секілді қызметкерлерге арналған спорттық, құттықтау шараларын ұйымдастырып отырады. Дегенмен біртиптік шаралардан гөрі, тарихи, рухани азық болатын шараларды да ұйымдастырып тұрған дұрыс деп ойлаймын. Ұстаздардан құралған аталмыш экотур әрі қарай да өз жалғасын табады деген сенімдемін, - дейді.

№46 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының құрамында 135 маман бар. Бірлестікте тұрақты түрде құқықтық, мәдени шаралар жиі ұйымдастырылып, комитет құрамындағы жас мамандар мен ардагерлерге, көпбалалы ұстаздарға әлеуметтік қолдаулар көрсетіліп тұрады.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале