28.06.2021, 18:56
Оқылды: 183

Кәсіподақ жастары балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мамандық таңдау бағытында кеңес берді

28 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұжымымен кездесіп, балалар ауылының тәрбиеленушілеріне «Мамандыққа бағыт» тақырыбында ашық пікір алмасу алаңын ұйымдастырды.

image-28-06-21-06-49-1

Аталыш мекеме Зашаған кентінде 2003 жылы 3 қараша күні құрылып, жұмыс жасап келеді. Негізгі қызметі – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасы жағдайына жақын дамыту және тәрбиелеу, қоғамда әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.

Айта кетсек, еңбек ұжымында әлеуметтік педагогтардың мәселесін көтеріп, лайықты еңбек жағдайлары үшін күресіп жүрген бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс жасайды.

Кездесу барысында арнайы оқу орнын таңдап, болашақ маман атануға ниетті оқушылар өздерінің түйткілді, өзекті мәселелерін ортаға салып, кәсіподақ жастарынан қажетті ақпараттар ала алды.

image-28-06-21-06-49

Еске сала кетейік, осыған дейін БҚО «Келешек» кәсіподақ жастары әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды қолға алған болатын. Оның ішінде аз қамтылған, көпбалалы, әлеуметтік осал топ өкілдері үшін екі ай бойы «Әлеуметтік дүкен» жобасы ерікті түрде жүзеге асырылған еді. Сондай-ақ «Мамандыққа бағдар» аясында түлектермен кездесу шарасы да кәсіподақ тәжірибесінде бұған дейін өткізілді.

Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Зульфия Мұқанова шара соңында кәсіподақ жастарына өз алғысын білдіріп, болашақты бағдарлайтын, қажетті, сұраныстағы мамандыққа бағыт беретін осындай шаралардың көптен ұйымдастырылуы жөнінде ұсыныс-пікірін білдірді.

 

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале