16.02.2021, 16:51
Оқылды: 632

Кәсіптік білім беру – ертеңгі күнге деген сеніміміз

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылдың 5 қаңтардағы «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты  мақаласында: «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай, лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу  арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс», - деп атап көрсеткен болатын. Бұл, білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын айқындайды.

WhatsApp Image 2021-02-16 at 15.48.20

Мемлекетіміз техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың қазіргі нарық заманында өзгеріп, оның кәсіби стандарттарға негізделіп, экономиканың қажеттіліктерімен байланыстыруын, оқытудың осы заманғы әдістемелері мен технологияларын енгізудің  маңызы зор  екендігіне аса көңіл аударып отырады.

Қазіргі жаhандану және интеграциялық үрдістердің күшеюі жағдайында білім сапасын жетілдіру мен оқытудың озық технологияларын қолдана отырып, оқу үдерісін инновациялық тұрғыдан ұйымдастыру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының»басымдық бағыттарының бірі – кәсіптік білім беру сапасын одан әрі арттыру, оның мазмұнын, материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын жақсарту, соның ішінде техникалық және кәсіптік білім беруде қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту болып табылады.

бас3

Осы мақсатты іске асыруда облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында көптеген игі істерде атқарылуда. Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, еліміздегі экономика және өндіріс салаларының дамуына байланысты орта буын жұмысшы мамандарға сұраныста күн санап артып келеді.

Бүгінгі күні облысымыздағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу үдірісі аралас (штаттық, қашықтық) форматында және EDUS, COLLEGE Smart Nation, Google Classroom, Edupage платформалары арқылы 71 мамандық, 135 біліктіліктер бойынша 17 мыңнан астам студент білім алуда.

бас2

Елімізде жастар жылы аясында қолға алынған «Жас маман» жобасының талаптарына сай келетін іріктеуден өткен колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Жобаның басты мақсаты – республика бойынша 180 колледждер мен 20 жоғарғы оқу орындарында 100 индустриалдық және сервистік кәсіптер бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби білікті мамандар даярлау мақсатында байқаудан өткен оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту және оны жетілдіру, кадр даярлаудағы халықаралық стандарттарды енгізу. Өткен жылы республика бойынша 80 мемлекеттік колледж таңдап алынса, соның ішінде біздің облыстан Жоғары аграрлық техникалық, Орал политехникалық, М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек және Жаңақала колледждері жобаға 12 мамандық 25 біліктілік бойынша қатысып жеңімпаз атанды. Бұл машина жасау технологиясы, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, тамақтандыруды ұйымдастыру, сәулет, жиһаз өндірісі, техникалық қызмет көрсету, автомобиль көлігін жөндеу және пайдалану, механикалық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және өнеркәсіптегі автоматика  және тағы да басқалар.

бас1

«Жас маман» жобасы бойынша оқу орындарын материалдық техникамен жабдықтау және қажетті құралдарды сатып алу мақсатындареспубликалық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, бүгінгі күні заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды.

Жаңғыртылған оқу орындарының жанынан жастардың инновациялық жобаларын қолдайтын стартап-орталықтар құрылып, жоғарыда аталған әрбір колледж «WorldSkills» бойынша салалық құзыреттілік орталықтарына айналады.

Сонымен қатар, дуалдық білім беру жүйесі тәжірибесіде кеңінен енуі қажет. Өйткені, теория мен практика ұштасқан жерде нәтиже болатыны белгілі. Жобаны жүзеге асыру барысында салалық халықаралық стан­дарт­тардың енгізілуіне байланысты оқу орындарымен серіктес кәсіп­орындардың жұмыс істеп тұрған қыз­меткерлерін олардың талаптарына сәйкес оқыту және қайта даярлау бөлі­гін­де кәсіпорындармен өзара тиімді ынтымақтастықта орнатылады.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруға арналған екі жақты іскерлік-практикум Орал политехникалық колледжі базасында ұйымдастырылып өткізілді. Аталған шараға  оқу орнының әлеуметтік-серіктестері болып табылатын «Домостроитель» ӨК,                  «Отделстрой», «КМТ СИТИ СТРОЙ», «КВАНТ», «ОралПолимер», «Орал құю – механикалық зауыты» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктерімен «Агрореммаш», «ЗапКаз РЭК» акционерлік қоғамдарының арнайы қызметкерлері  келіп, практикумға қатысып, колледждің өндірістік оқыту шеберлері мен студенттері қатысушыларға құрылыс және энергетика саласына қажетті заманауи жаңа құрылғыларды іс-жүзінде қолданудың жолдарымен таныстырды. Практикумға қатысушылар «Welding Standart»виртуалды дәнекерлеу тренажері, лазерлік нақыштау станогы, фрезерлік нақыштау станогы, токарлық ажарлау станогы, тас кесетін станок, дәнекерлеушінің жұмыс орны бар дәнекерлеу кабинасы, Робот сылақшы, 3D  принтер, цифрлы нивелир, бояу аппараты және «Knauf» құралдарын қолдану бойынша екілік сабақ пен жоғары деңгейдегі электр монтаждаушы үстелін пайдаланудағы іс-тәжірибелерімен жан-жақты таныстырылды. Практикумға қатысушылар алған әсерлерін білдіріп, өз ойларын ортаға салды. Тәжірибе барысында болашақ мамандар өздерінің кәсіби мамандығы бойынша өздіктерінен жан-жақты ізденгіш, білікті, бәсекеге қабілетті, қай салада болмасын жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыра алатындықтарын көрсетті.

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман», - деп Елбасымыз атап көрсеткендей, еліміздің өркениетті дамыған елдердің қатарынан көрінуі үшін жастарымыз білімді және бәсекеге қабілетті болуы керек.

Біздің негізгі мақсатымыз – теориялық білім мен іс-тәжірибені ұштастырып, болашақ кәсіби құзыретті маман дайындау болып табылады. Сондай-ақ алдағы уақыттарда облысымыздағы алты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары да заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.

 

Нұрлан Сабиров,

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері,

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Білім беруді дамыту орталығы» директорының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале