30.09.2021, 15:33
Оқылды: 112

Қазақстан мен Ресейдің экологиялық проблемалары екі елге де ортақ – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі елге ортақ экологиялық проблемаларға тоқталды.

D8994417-4A47-438D-A5B1-37BAE4B419F7

«Құрметті формуға қатысушылар, бүгінгі фоумның тақырыбы - Экология мен жасыл даму саласындағы әріптестік. Шынымен де, бұл тақырып маңызды әрі кейінге ысыруға болмайтын сипат алып келеді. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан өз аумағында ғана емес, бүкіл өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар ірі халықаралық жобаларды іске асырды. Бұл – әлемдегі ірі ядролық полигонды жабу, Арал теңізін қорғау және Каспийді сақтау бойынша ауқымды бағдарламаларды іске асыру жобалары», - деген Президент экология мен биоалуандықты сақтау мәселелеріне Қазақстанның үлкен маңыз беріп қарайтынын ескертті.

«Қазақстан мен Ресейдің экологиялық проблемалары өте ұқсас. Бұл – ауа мен судың, топырақ ластануының жоғары деңгейі, радиациялық және өнеркәсіптік қалдықтардың қордалануы. Көршілес жатуымызды ескерсек, біздің проблемалар екі елге де ортақ деуге болады», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале