4.04.2020, 12:15
Оқылды: 48

Қазақстанда COVID-19-ға кім тексеріле алады?

rossijskie-uchjonye-sozdali-vysokotochnyj-test-na-koronavirus

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы алғашқылардың бірі болып тексеруден мына адамдар өтетінін хабарлады:

• коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар, жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері;

• тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған адамдар;

• науқастармен әлеуетті байланыста болған адамдар;

• коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

• карантиндік аймақтардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.)

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тест тапсыра алады.

Экспресс-тестілердің дұрыстығы 90%-дан кем емес.

ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале