Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Премьер-министр Олжас Бектеновке инклюзивті саясатты жүзеге асыру шаралары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы бұған дейін ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жүйелі қолдау әлеуметтік жауапты мемлекеттің белгісі екенін атап өткен болатын.
Нұрлан Жақыповтың айтуынша, соңғы жылдары 100-ден астам әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға Астана мен Алматыдағы екі заманауи медициналық орталықтың құрылысын қоса алғанда, 700 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Бүкіл ел бойынша 55 оңалту орталығы ашылды, онда жыл сайын 21 мыңнан астам бала және 18 жасқа дейін тегін оңалтудан өтеді. Қолдау церебральды сал ауруы, аутизм, нейро-ортопедиялық ауытқулар, Даун синдромы сияқты тағы да басқалары ерекшеліктері бар балаларға көрсетіледі.
Нәтижесінде алты мыңнан астам бала өз аяғымен жүре бастады, 8 мыңнан астам бала алғашқы сөздерін айтты.
«Біз Астана, Ақмола және Атырау облыстарындағы мемлекеттік мектептер жанынан инклюзияны қолдаудың 31 кабинетін іске қостық. Кабинеттерге қаражат қайырымдылық есебінен жиналды. Биыл өзге өңірлерге жобаны кеңейту, соның ішінде Ақтөбе облысында осындай 10 кабинет ашу жоспарлануда», — деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.
Спикер барлық іс-шаралар әрбір адам тең мүмкіндікке ие инклюзивті қоғам құруға бағытталған деп атап өтті.