«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды
2 Қазан 2023

«Призма»: Оралда тағы алты камера орнатылды

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды
2 Қазан 2023

Бірқатар өңірде жылыту маусымы басталды

Ақтөбеден жүлделі оралды
2 Қазан 2023

Ақтөбеден жүлделі оралды

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»
2 Қазан 2023

БҚО әкімі: «Азық-түлік бағасын реттеу мәселесіне дұрыс талдау жүргізілмей отыр»

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?
2 Қазан 2023

Азия ойындары: төртінші алтынды кімдер алды?

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті
2 Қазан 2023

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының алтыншы күміс медалі түсті

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230605-WA0140(1)

«Біз 2016 жылы Қазақстанда 2-4 сынып оқушылары арасында шахматты үйрету бағдарламасын бастаған болатынбыз. Алайда, пандемия кезінде бұл жобамыз сәл тоқтап қалған еді. Қазіргі таңда бұл бағдарламаны қайта бастап жатырмыз. Яғни, біз енді 1-4 сыныптар арасында шахмат ойнауды үйрететін боламыз. Қазір шахматты дамыту жол картасы дайындалып жатыр. Биыл қыркүйек айынан бастап 30-ға жуық мектепте бағдарлама пилоттық жоба ретінде басталады», - деді Гүлмира Дәулетова.

Оның сөзінше, Қазақстанда бүгінгі күні 7 мыңға жуық шахмат секциясы бар.

«Бұл шахмат секциялары мектептерде орналасқан. Қазіргі таңда Қазақстан да 200 мыңнан астам шахматшы бар. Олардың саны күн сайын өсіп келеді. Алматыда шамамен 50 мыңнан астам шахматшы бар. Біз бұл сандарды Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйеніп айтып отырмыз», - деді ҚШФ атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале