29.09.2021, 10:34
Оқылды: 84

Қазақстандық авиакомпания ішкі рейстердің тарифтерін төмендетеді

«Эйр Астана» 2021 жылдың 1 қазанынан бастап ішкі бағыттар бойынша эконом-класстың шекті тарифтерін 10%-ға төмендетеді, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

9bb67027d04040d223b94a32a4f9fece

Бұл ретте әуе компаниясы бағаны тұрақты ұстау үшін негізгі серіктестердің қолдауын күтеді, соның ішінде Алматы халықаралық әуежайы.

1 қазаннан бастап Қазақстанда маршруттар бойынша эконом-кластағы шекті тарифтер 10%-ға төмендейді, ал жылдық перспективада кемінде 70% билеттер макроэкономикалық көрсеткіштер мен тарифтерді ескере отырып, төмен және орташа тарифтер бойынша қолжетімді болады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Эйр Астана» ішкі бағыттарда бағасыз тариф енгізуді жоспарлап отыр.

BAQ.KZ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале