11.02.2024, 12:00
Оқылды: 18

Қазақстандық конькишілер әлем чемпионатынан екі медаль еншіледі 

Жапонияның Хатонихе қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz

1707628553Фото: olympic.kz 

Командалық із кесу жарысында Кристина Шумекова, Мария Деген және Алина Шумекова үштігі қола жүлдегер атанды.

Алғашқы екі орында Жапония мен Нидерланд құрамалары еншілеген.

Араға аз уақыт салып Кристина Шумекова, Дарья Гаврилова, Алина Шумековадан құралған Қазақстан командасы спринттен күміс медаль еншіледі.

Бұл жолы біздің спортшылар Нидерланд құрамасына ғана жол берген. Үздік үштікті Канада тұйықтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале