24.11.2023, 17:00
Оқылды: 78

Қазақстанның әскери қызметшілері Данияның әскери нысандарына инспекция жасады

Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде ҚР қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының, Қарулы күштер Әуе қорғанысы күштері мен Құрлық әскерлерінің өкілдері Дания Корольдігінің аумағында инспекция жүргізді.

Бұл туралы қорғаныс министрлігі жазды.

5a5cbae8f3fec941446b4ae87703ed96_1280x720

Инспекцияланатын ауданда алдын ала хабарлауға жататын әскери қызметтің, ірі әскери оқу-жаттығулардың бар-жоғын тексеру үшін қазақстандық әскери сарапшылар инспекцияланатын ауданның үстімен ұшып өтті.

Дания Корольдігі қарулы күштері құрлық әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің әскери нысандарына барған кезде Вена құжатының ережелеріне сәйкес инспекторлар армияның ұйымдық құрылымы, жеке құрамның саны, қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі жүйелерінің саны туралы бөлім қолбасшыларынан толық ақпарат алды.

Инспекция ынтымақтастық пен транспаренттілік жағдайында өтті. Қазақстанның инспекциялық тобы Вена құжаты шеңберінде халықаралық міндеттемелердің толық орындалғанын растады және инспекция жүргізуге көрсеткен көмегі үшін Дания Қарулы күштерінің өкілдеріне ризашылығын білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале