24.05.2022, 17:00
Оқылды: 67

«Кербез күй» кешінде...

Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты Азамат Шнаровтың «Кербез күй» атты кеші өтті.

WhatsApp Image 2022-05-24 at 16.58.00

Күй өнерінің құдіреттілігін кейінгі буынға дәріптеу мақсатында оздырылған іс-шараның басында аталмыш орталықтың директоры Бауыржан Халиолла кеш иесіне ақ ниетін білдірді.                             – Төл өнермізді сақтап қалуға бәріміз де міндеттіміз. Сонау Алматы шаһарынан туған жеріне атбасын бұрып, елге деген сағынышын күй арқылы жеткізуге келген жас күйші Азаматтың кешіне келгендеріңізге көп рақмет! Сіздерді күйді құлақпен емес, жүрекпен тыңдайтын тыңдарман деп бағалар едім, – дейді Бауыржан Ергенұлы.

WhatsApp Image 2022-05-24 at 16.58.00 (1)

Сейтек Оразалыұлының күйлерін күмбірлеткен жас күйші еліне деген ыстық сағынышы бар екенін жасырмады. Сонымен қатар «Адамды тәжірибесі танытады» деген тіркес Азамат Шнаровтың талпынысын оятып, жығылғанда жігерлендіріп жүреді екен. Сондықтан да күй өнерін жоғары бағалайтын халыққа керемет әсер сыйлап, өз тәжірибесімен бөлісуге бекінген.

Кеш соңында талантты күйшінің ұстазы, ҚР мәдениет саласының үздігі, Күйшілер одағының мүшесі Асылханым Құсмағамбетова сахнаға шығып, шәкіртіне бойтұмар табыстады.

WhatsApp Image 2022-05-24 at 16.58.52

– Бүгін керемет кештің куәсі боп отырмыз. Сондықтан ең әуелі ұлы өнерге қашанда құрметпен қарайтын азаматтарға алғысымды білдіремін! Шәкіртінің осындай бастаманы қолға алып, оны абыроймен атқарғаны ұстазы үшін зор қуаныш. Сондай-ақ бұл - қажырлы еңбектің жемісі деп білемін, – дейді Асылханым Есенқызы.

Аманжол Исламғали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале