14.11.2023, 12:15
Оқылды: 76

«Кублей» мәселесі әлі шешілген жоқ

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

орт

БАҚ өкілдерінің «Көпшілікті алаңдатқан Кублей мәселесі қалай шешіліп жатыр?» деген сауалына облыс әкімі жауап берді.

- Жалпы, «Кублей» мәселесінің, соның ішінде екінші тараптан туындаған дау-жанжалдардың халық арасында қаншалықты шу тудырғанын жақсы білесіздер. Енді бұл мәселе, жасыратыны жоқ, өзара келісім арқылы реттелген жоқ. Бір-бірін сотқа беруімен іс әлі жалғасып жатыр. Жалпы, «Кублей» – еліміздегі ең үлкен ет өнімдерін өңдейтін комбинат. Бүгінде қалыпты жұмыс істеп жатыр. Екеуінің арсында не үшін дау-дамай тұындағанын жақсы білесіздер. «Кублей» цехы қаланың қақ ортасында орналасқан. Сол маңайда көп қабатты тұрғын үйлердің бой көтеруіне байланысты жанжал туындаған. «Кублей» мекемесі облыстық сот шешімінің қорытындысымен келіспей, Жоғарғы Сотқа жүгінген болатын. Бүгінде ол жерде екі үйдің жөндеу жұмыстары бітті, адамдар тұрып жатыр. Қалған екі үйдің ішкі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале