11.05.2022, 10:30
Оқылды: 96

Қызметкердің бұзылған құқығы медиация көмегімен қалпына келтірілді

Орал қалалық №2 сотымен талапкер С.Д.-ның жауапкер ЖК «Б»-ға қатысты  бұйрықты заңсыз деп тану және бас тарту, қызметкердің пайдасына 300 000 теңге көлемінде демалыс төлемін төлеуді міндеттеу, қараша айынан бастап жұмысқа қалпына келтірілген күнге дейінгі аралықтағы 450 000 теңге көлемінде жалақыны және 150 000 теңге моральдық залалды өндіру туралы талап арызы қаралды.

MEDIACIYA

Талап арыз бойынша талапкер жеке кәсіпкерлікке дүкен сатушысы ретінде қабылданған, бұл факт қызметке кіру туралы бұйрықпен дәлелденген. Талапкер аталған қызметте 20 жыл бойы тапжылмай қызмет атқарып, 2021 жылдың 30 қазанында жұмыс берушінің бастамасымен (еңбек кітапшасында «өз еркімен» деген тұжырыммен жазылған) шығарылған бұйрыққа сәйкес қызметтен босатылған. Алайда талапкер өз еркімен қызметтен босату туралы арызды жазбағанын алға тартты.

Екі тарап арасында медиациялық келісім жасалды:

Жауапкер заңсыз жасалған бұйрықтан бас тартып, зейнетақы қорына ұстанымдарымен, жеке табыс салығымен міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін аударып, 450 000 теңге жалақыны және 150 000 теңге моральдық залалды төлеуге міндеттелді. Талапкер өз кезегінде талабынан бас тартты.

Қызметкердің бұзылған құқығы медиация көмегімен қалпына келтірілді.

                                                                     Райгүл Иманғалиева,

Орал қалалық №2 сотының бас маманы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале