7.06.2021, 18:15
Оқылды: 158

Қызметкерлерге сауықтыру шипажайларына жолдама табысталды

«Ұжымдық шарт – еңбек адамының тірегі. Жұмысшысының бүгінгісі кешегісінен үлкен айырмашылық жасайды: ол еңбек саласында, ол ұжымдық шартта, еңбек қауіпсіздігінде, жалақыда, әлеуметтік кепілдіктерге негізделген әлеуметтік пәкеттерде», - дейді маман Сұлушаш Нығметова.

FE0CF4FC-3E3A-451B-9B54-12EC7E4BE732

Сұлушаш Нығметова – 18 жылдық еңбек өтіліне ие маман, химия пәнінің мұғалімі. Орал қалалық №20 жалпы орта білім беретін мектебі қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы. Бүгінгі таңда, бастауыш кәсіподақ ұйымында 178 кәсіподақ мүшесі бар. Олардың 40%-ы жастар.

Аталмыш бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы – еңбек қауіпсіздігін насихаттауға, лайықты еңбек жағдайын жасауға, қолжетімді еңбек шартын құруға бағытталған. Әсіресе, қызметкердің өз жұмысына кері байланыс жасап, жетістіктерге жетуі, нәтиже көрсетуі – кәсіподақтың ынталандыру шаралардының жемісі. Сондай ынталандыру шараларының бірі оқу жылының аяғында жасалынды. Яғни,  жыл бойы жоғары нәтиже көрсетіп, біліктілігін шыңдаған 10 мұғалімге бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан сауықтыру шипажайларына жолдама берілді. Сондай-ақ мектеп қабырғасында әртүрлі қоғамдық шаралар ұйымдастырып, белсенді қатысып, облыстық-республикалық байқаулар мен додаларда жеңімпаз атанып жүрген мұғалімдер мен оқушыларға әрдайым кәсіподақ ұйымының атынан ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталып отырады.

№20 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы – Сұлушаш Маратқызы:

- Кәсіподақтың басты міндеті – қызметкерді қорғау, оны жан-жақты қолдау. Кәсіподақ қызметі ынталандыру, құттықтау шараларымен ғана шектелмейді, сондай-ақ, ұрпақтар сабақтастығы, құқықтық қорғалуы секілді шаралар да атқарады. Оқу жылының аяқталуы кезінде кәсіподақ ұйымына көптеген қызметкерлерден еңбек қатынастарына, ұжымдық шартқа байланысты сұрақтар келіп түсті.  Бұл сұрақтар өзінің ауқымдылығына байланысты облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына жолданып шешімін тапқан болатын. Айтпақшы, қазіргі таңда облыстық кәсіподақтар орталығы жанынан ашылған тегін құқықтық кеңес беретін «Заң клиникасы» кабинеті қызметкерлер үшін өте тиімді ұйымдастырылуда. Бұл -кәсіподақ жұмысының орталықтандырылып, нәтижелі қызмет сапасын ұсынуға қабілетті екендігінің дәлелі», - дейді кәсіподақ жетекшісі.

#kasipodaqkz

#БКҰ21

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале