27.12.2023, 12:45
Оқылды: 44

Мәжіліс Бюджет кодексінің жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары жаңа Бюджет кодексінің жобасы мен оған ілеспе бюджет заңнамасын жетілдіру және «Концессиялар туралы» заңның күші жойылды деп тану мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 жп астана (9)

Бюджет кодексінің жобасы бюджет процесіне қатысты Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде шығыстарды жоспарлауға және шоғырландыруға мүмкіндік беретін тұтас жүйені құрады.

Құжат бағыттарының бірі – бюджетті жоспарлау кезінде бюджет құжаттарын бағалау нәтижелерін міндетті түрде қолдану, нәтижеге бағдарланған бюджеттеу принципін күшейту. Бұл ретте мемлекеттік қаржыны шоғырландыру және басқару қамтамасыз етіледі.

Бюджет процесінің мерзімдері мен кезеңдерін қысқарту ұсынылады. Бұған қол жеткізу үшін әлеуметтік-экономикалық даму болжамын дайындау жеңілдетіліп, бюджет өтінімі мен бюджет бағдарламалары бір жоспарлау құжатына біріктіріліп, бюджет бағдарламаларын бекіту алынып тасталды.

Сондай-ақ жаңа жылдан бастап бюджет қаражатын келесі қаржы жылында түзетусіз қосымша пайдаланудың жаңа тетігі қарастырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале