Басты жаңалықтар
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
6 Желтоқсан 2023
Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті
Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кеткен. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше кешкі сағат…
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
6 Желтоқсан 2023
Президент Есқалиевтер отбасына көңіл айту хатын жолдады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірімізге танымал тұлға Нәжімеден Есқалиевтың қазасына орай марқұмның отбасына көңіл айту хатын жолдады. «Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ы.Есқалиевтің отбасы…
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
6 Желтоқсан 2023
Су, қайдасың? Тамызда тапсырылуға тиіс нысан тұралап тұр
Сырым ауданы Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов ауылдастарымен есептік кездесу өткізді. Жиналысқа Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысты. «Жымпитыдан Қособаға ауыз су келеді деген?…
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
5 Желтоқсан 2023
БҚО футбол қауымдастығы жылды қорытындылады
Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық…
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
5 Желтоқсан 2023
Оралдық студент БҚО төтенше жағдайлар департаментінің үздік волонтері атанды
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар…
Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»
5 Желтоқсан 2023

Дулат Исабеков: «Ұлттық мемлекет еместігі АҚШ-тың түбіне жетеді»

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды
26 Қараша 2023

Оралда басына кірпіш тас құлаған әйел көз жұмды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
24 Қараша 2023

БҚО-да боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

23 Қараша 2023

"Аруман" жылыжай кешенімен танысты

Шыңғырлауда өткен қабылдау
23 Қараша 2023

Шыңғырлауда өткен қабылдау

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді
23 Қараша 2023

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Музыка мектебіндегі кездесу

Жақында Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі №2 филиалының ұйымдастыруымен «Парасат» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ақын Дариға Мұштановамен «Өмір – арна» атты кездесу  кеші  өтті. «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында кездесуді ҚР Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші Фархат Оразов жүргізді.

7c606a3e-d21d-4a8a-bc83-485cd7603f5e

Ең әуелі оқушылар қаламгердің «Қараша қаз», «Керуен көшіп барады», «Фариза апама», «Қайдасың?», «Ақшолпан», «Өмір», «Күзгі мұң», «Оралым» секілді өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Аталған музыка мектебінің №2 филиалындағы дәстүрлі ән-терме сыныбының оқушысы Лаура Мәлікова Құмардың термесін орындады.

– Сөз астарын түсінген, өлеңдерімді оқыған оқушыларға ризамын. Әр өлең сөйлеп тұрады. Жылқылар маған халық секілді көрінеді. Солардың арасында сағаттап отырғанды жақсы көремін. Кісілер сияқты бірі жақынырақ келіп, көзін қадайды, бірі алыстан жатырқап тұрады. Уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қаласың. Өлең де солай. Оймен, ақылмен жазатын өлеңдер болады. Тапсырмамен жазатын өлеңдер болады. Поэзия өтірік айтқызбайды, – деді Дариға Ғазезқызы. Кеш иесі өлеңдерін оқып, алғаш айтысқа қатысқан шағы және алғашқы өлеңі жөнінде кеңінен әңгімеледі. Көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

b8195bf2-cf9e-48e9-8c8f-ed031457bc77

Жүздесу барысында «Парасат» орденінің иегері, Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі Нұргүл Жұбатова ақынның «Аңыз болған абысындарынан» Сақыпжамалдың монологін оқыды. Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Еркін Өтегенов қаламгердің сөзіне жазылған «Әке», «Ағам менің» атты әндерді шырқады. Өз кезегінде ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аманкелді Шахин, ардагер ұстаз Асылай Әбдірахманова және Орал қаласындағы «Coffee Matters» ЖШС-ның кадр маманы Зарина Қайырова Дариға Мұштанованың жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру бағытындағы еңбегінің зор екенін айтты.

Кездесу соңында Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің директоры Мұхамбетқали Сағитұлы мен сол мектептің №2 филиалының меңгерушісі Мереке Жәрдемұлы Дариға Ғазезқызына сый-құрмет көрсетті.

– Дариға апайдың өлеңдерін әр кез оқып жүреміз. Бүгінгі кеште ол өнерге қалай келгені туралы әңгіме өрбітіп, халық әндері, жыраулар поэзиясы тақырыптары төңірегінде ой қозғады. Оның өмірі жайында бұрын тек газет беттерінен, кітаптардан оқушы едік, енді өз аузынан естідік. Осындай жүздесулер көптеп ұйымдастырылса екен, – деді Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебіндегі театр сыныбының оқушысы Назкерім Бекболатова.

Марлен Ғилымхан,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале