27.09.2023, 17:15
Оқылды: 108

Оралда бейтаныс үйдің есігін қаққан ер адам ұсталды

25 қыркүйек күні Орал қалалық полиция басқармасына әйел адамнан арыз түскен.
Арыз иесі 21 қыркүйек күні сағат 12:00-де оның үйінің есігін бейтаныс ер адамның қаққанын, соның салдарынан балаларының қатты қорқып қалғанын айтып полицияға жүгінген.

Полиция ЖП
Дереу іздеу шараларына кіріскен тәртіп сақшылары 1982 жылғы А. есімді ер азаматты ұстаған.

Ер азаматқа қатысты ҚР әкімшілік кодексіне сай хаттама толтырылып, әкімшілік жаза тағайындалған.
Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желіде белгісіз әйел адамның аудиожазбасы тараған болатын.
Аудиожазбада әйел адам белгісіз ер адамның оқушылар сарайының алдында екі қыз баланы аңдып, арттарынан еріп келгенін айтқан.

Ер адам үйдің есігін қағып қыздарға есікті ашуды сұраған, «қыздарым қатты қорқып қалды» дейді аудиожазба иесі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале