Ертең, яғни 2 маусым күні Орал қаласындағы Деповская көшесінде Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының жоспарына сәйкес терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі.
Бұл туралы Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тобы хабарлады.
«Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының террорлік актілердің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру.
Сағат 09.00-13.00 кезеңінде аталған көшеде шектеу шаралары енгізіледі. Осыған байланысты тұрғындардан сабырлық сақтауды сұраймыз!
Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтанып, жүріп-тұру бағытын алдын ала жоспарлауды және оқу-жаттығуларға жұмылдырылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Ескерту ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Сонымен қатар, жалған хабарламалар таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан жалған хабарламалар мен ақпараттарды таратпауды сұраймыз», деп жазылған хабарламада.
zhaikpress.kz