Оқиға бүгін Исатай-Махамбет көшесіндегі 2-кәріздік сорғы стансасында болды. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Кәріздік сорғы стансасында жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Сол кезде шахтада құбыр жарылады да, «Батыс су арнасы» ЖШС-ның 1971 және 1982 жылы туған жұмысшылары қаза болды. Жедел жәрдем сағат 11.10 шамасында шақыртылған", - деді баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта тиісті органдармен қайғылы оқиғаның барысы анықталуда.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер