6.10.2024, 19:43
Оқылды: 106

Референдум-2024: Ақсай тұрғындары әлі де белсенділік танытып жатыр

Ақсай қаласы бойынша №77 учаскеде дауыс берушілердің 70 пайызы өз таңдауларын жасаған. Қазіргі кезде тұрғындар әлі де белсенділік танытуда.
сайлау картинка 2024 отбасы
– Біздің №3 ЖОББМ-де 1 902 дауыс беруші тіркелген. Бүгінгі күні барлығы заң бойынша атқарылып жатыр. Ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Әлі дауыс беру жалғасуда, - дейді учаскенің төрағасы Ғұмар Әжіғалиев.
№77 учаскеде тіркелген тұрғынның өтініші бойынша бір адам үйден дауыс берген.
Жылжымалы бюллетень жәшігін алып, комиссия мүшелері мен бақылаушылар мекенжайға барған.
Сонымен қатар арнайы дайындалған комиссия өкілдері өндірістік аймаққа барған.
Учаскеге ерте келіп дауыс бергендерге, алғашқы рет мұндай ірі науқанға қатысқан тұрғындарға сыйлықтар берілген.
Мейрамбек Сыдықов
Бөрлі ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале