6.10.2024, 19:47
Оқылды: 152

Назыкеш елдік бастаманың маңызын түсінеді

Сырым ауданында референдум учаскелері барлық дауыс берушіге ыңғайлы ұйымдастырылған.

сайлау 2024 картинка (1)

Әсіресе, ерекше жандарға зор көңіл бөлінген. Олар үшін арнайы кабина қарастырылған. 

Бүгін Өлеңті ауылындағы 293-ші учаскеге ауыл тұрғыны Назыкеш Төлеуова анасымен бірге келіп дауыс берді. 

Атом электр станциясын салу – болашақтың қамы үшін қолға алынған жоба. Болашақ қазақстандықтар энергияға тәуелді болмауы үшін үкімет қуаттың баламалы көзін ұсынып отыр. Назыкеш зиялы адам әрі жастар өкілі ретінде елдік бастаманың маңызын жақсы түсінеді. Сондықтан, референдумнан тыс қалмай, дауыс беруге өзі келді. Сол арқылы біраз замандасына үлгі болды. 

Айта кетейік, Назыкеш өлең жазады әрі кәсіпке де бейімі бар. Ол онлайн компьютерлік қызметтер көрсетеді. 

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале