2.09.2019, 16:37
Оқылды: 81

Полиция қайтадан жезл ұстайды

1 қыркүйектен бастап полиция қызметкерлеріне жезл қайтарылып, тек жол қозғалысын реттеу үшін пайдаланылатын ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

жезл

«Жезл әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және көрініс нашар кезде, сондай-ақ, көлік құралдарын мынадай жағдайларда бағыттау үшін пайдаланылады:

- жол-көлік оқиғалары және кептеліс кезінде, оның ішінде бағдаршамдар сөнгенде;

- көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру;

 - терроризмге қарсы операцияларды және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және (немесе) жою кезінде», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеуде жезлмен бірге жарық шағылыстырғыш кеудеше мен қолғап киіп тұрады. Сондай-ақ, олар қосымша сигнал беру үшін ысқырғыш пайдаланады. Жезлдарды қайтаруға бюджеттен ақша бөлінбейді, себебі бұрынғылар бар.

Қазақстандық полицейлер 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жезлды пайдалануды тоқтатып, көлікті қолмен тоқтатып келді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале