27.09.2022, 15:45
Оқылды: 0

Ресейліктерді пәтеріне паналатқан қазақстандықтар нені ескеруі керек

ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кейінгі күндері шекарадан ағылып келіп жатқан ресейліктерді пәтеріне паналатқан қазақстандықтар нені білу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2

«Шетелден келген мигранттарды жұмысқа алған немесе пәтер берген қазақстандық бұл туралы 3 күн ішінде хабарламаса, айыппұл салынады. Осындай санаттағы қанша заңсыздық тіркелді? Ішкі істер министрлігінің өкілі көші-қон заңнамасын бұзған 3200 ресейлік жауапқа тартылғаны туралы дерек келтірген болатын. Оларға қандай жаза бар?» деп сұрады БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Министр мұндай жағдайда жауапкершілік бірінші кезекте қарсы алушы тұрғындарға жүктелетінін еске салды.

«Бұл жерде айтып кету керек, жауапкершілік келген азаматқа емес, оны уақытында тіркемеген жергілікті азаматқа тиесілі. Қонақ үй ұсынса да, өз пәтеріне паналатса да 3 күннің ішінде ішкі істер органдарына хабарлама бермесе, сол кезде үй иесінің жауапкершілігі қарастырылады. Мәліметтерді бүгін ғана біздің өкіліміз арнайы брифингіде айтты. Оның бәрі біздің Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 517, 518-баптарында көзделген. Әрине, егер өрескел заңбұзушылық болса, олар әкімшілік жауапқа тартылады», - деді Марат Ахметжанов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале