«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды
7 Маусым 2023

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды

Ринат Зайытов депутат ретінде қандай мәселе көтеретінін айтты

Мәжілістің кулуарында жаңадан сайланған депутат Ринат Зайытов депутат ретінде қандай мәселе көтеретінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

a9de8d70-87ec-4f68-9079-b936072a20a0

 Фото: BAQ.KZ 
- Мәжілісте айтыста көтеріліп жүрген мәселелер көтеріледі. Өлең жолымен емес, депутаттық сауал ретінде, - деді Ринат Зайытов.

- Жаңадан сайланған депутат әлеуметтік желілерде айтылып жүрген сайлаудаға фальсификация мәселесін табандылық танытып жүрген адамдардың тиісті органдарға жүгініп, аяғына дейін жеткізуі қажет екенін айтты.

Сайлаудағы фальсификацияға өзім де қарсымын. Басында бірмандаттық сайлау округінен кандидатурамды алдым. Одан кейін "AMANAT" партиясының партиялық тізімімен ұсынысқа келісім бердім. Өңірлерді аралап, халықпен кездескенімді көрдіңіздер. Жасанды кездесу емес, халықпен байланысуға тырыстық. Өз басым халықтың сенімі мен дауысы арқылы өттім деп айта аламын, - деді жаңа депутат Мәжілістің кулуарында.

Ол партиялық бәсекеде "AMANAT" толыққанды жеңіске жеткенін айтты.

- Осы 7 партияның ішінен "AMANAT" партиясы толыққанды жеңіске жетті деп айта аламын. Өтірік емес, шын. Оған моральдық, толық құқығым бар, - деді ол.

Ринат Зайытов депутат ретінде қандай мәселе көтеретінін айтты.

- Көп мәселені шешкім келеді. Ең алдымен, тіл мәселесі, - деді Ринат Зайытов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале