29.07.2021, 23:02
Оқылды: 569

Сақ болыңыз! Алаяқтар...

«Көп  табыс  тапқың  келе  ме?  Мұны  әзір  ешкім  білмейді.  Аздаған  ақша  құйсаң,  кейін  еселеніп  қайтарылады.  Тек  белсенді  бол.  Керемет  жоғары  пайыз  мөлшерлемемен  аласың.  Тамыр-танысыңды  осында  тарт.  Табыс  табуға  кепіл  береміз».  БАҚ,  интернет  сайттарында  мұндай  мәтіндегі  жарнамалардан  құлақ  тұнады.

1568202277_img_20190701_155435_663

Бүгінгі тақырыпқа өзек болатын дүние – алаяқтық, соның ішінде ел ішінде көптеп кездесетін  қаржылық пирамидалар туралы болмақ. Сондықтан, оқыңыз, оқып қана қоймай, пікір білдіріңіз, сұрақтар қойыңыз.   

Өкінішке қарай, алаяқтыққа байланысты қылмыстар саны күн өткен сайын артып барады деуге негіз бар. Оны ресми статистика құрылымдары да растайды. Мына бір сандарға назар аударып көріңізші: Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында алаяқтық қылмыстарының саны былтырғыға қарағанда 1,5 есеге артқан. Бұл Республиканың барлық өңіріне тән. Оның ішінде өзіміздің Батыс Қазақстан облысында  да 32,7%-ға  артқаны байқалады. 

Енді мына бір сандарға назар аударыңыз: 2020 жылдың қорытындысы бойынша алаяқтық қылмысынан келтірілген материалдық шығын көлемі 3,1 млрд теңгені құраса, тек қана биылғы жылдың  бірінші, яғни қаңтар айындағы шығын көлемі 1,8 млрд теңгені құрап отыр. Ал осы соманың басым бөлігін, яғни 1,1 млрд теңгесін жеке тұлғалар, яки қарапайым адамдарға келтірілген шығын құраған. Қалған сомасын мемлекетке және заңды тұлғаларға келтірілген шығындар құрайды екен.

Жалғасы бар)

Абзал  Құспан

адвокат, «Заң  және  біз» арнайы  бетінің  қоғамдық  редакторы

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 30 шілдедегі №61 санынан оқи аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале