18.04.2017, 12:54
Оқылды: 27

Сала мамандары семинар өткізді

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласы қызметкерлерін даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру» тақырыбында семинар өтті.

Бұған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директорының орынбасары Қуаныш Елікбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Марат Нұрғуатов, Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық  департаменті басшысының міндетін атқарушы Жанақын Тығынбаев және сала мамандары қатысты.

Қуаныш Нұрланұлы Еуразиялық Экономикалық Одақтың техникалық реттеу жүйесімен және оның жоспарын жасақтау тәртібімен таныстырды.  Оның сөзінше, құжаттарды қарастыру шеңберінде қазақстандық бизнестің бес маңызды құқығы бар. Яғни, Қазақстан ЕАЭО техрегламенттерін әзірлеуге, техрегламенттерге стандарттар тізілімін әзірлеуге, аталмыш салада өзге де актілерді қоғамдық талқылауға, ЕАЭО ТР әзірленетін стандарттарды қарастыруға қатысуға және ДСҰ барлық елдерінің техрегламенттері жобаларын алуға және қарастыруға құқы бар.

Семинар барысында инновациялық өнімдерді нарыққа шығару тетіктері түсіндірілді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, бұған нақты жауаптар қайтарылды.

Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, бұл семинар үш күн қатарынан өткізілмек. Семинар барысында жоспарланған тақырыптарды сала мамандарына түсіндіру үшін Астанадан тағы бірқатар мамандар өңірімізге арнайы келмек.

Айша ӨТЕБӘЛІ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале