19.03.2024, 11:45
Оқылды: 21

Салық және кедендік әкімшілендіру есебінен бюджет төрт триллион теңгеге толықты

Мұндай нәтижелерге соңғы 5 жылда, соның ішінде процестерді цифрландыру арқылы қол жеткізілді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндады.

a0aee6d2-27a8-434a-aa46-84de09ce43b4
Фото: t.me/KZgovernment

Оның айтуынша, 4 трлн-ның 23%-ы немесе 932 млрд теңгесі 2023 жылы түсті. 2024 жылы кірістер жоспарында әкімшілендіруге 1,6 трлн теңге салынды, бұл өткен жылдың деңгейінен 73%-ға артық. Министр бұл ауқымды міндет екенін, оған жету үшін бірқатар шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

- «Таза парақтан реттеу» шеңберінде салықтық тексеруді белгілеу кезінде Тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттары қайта қаралды. Енді олар нақты іріктеу әдісімен жүргізіледі. Салықтық тексерулер саны 2022 жылмен салыстырғанда 16%-ға төмендеген кезде салықтарды өндіріп алу екі есеге ұлғайды, — деді М. Тәкиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале