8.09.2023, 15:45
Оқылды: 77

Синоптиктер демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер Қазақстандағы 9-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

жп

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері ылғалдың мол қоры болатын солтүстік циклоны бұлтты және салқын күзгі ауа райын әкеледі. Қазақстанның барлық аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республиканың батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы да мүмкін.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +10 +20 градусқа дейін, республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +20 +30 градусқа дейін көтеріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале