31.03.2022, 16:10
Оқылды: 115

Соңғы кездері едәуір қымбаттап кеткен мұнай бағасы түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы бейсенбі күні барреліне 107,06 долларға дейін арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

220331160434275e

Сәрсенбі күні болған соңғы саудада бұл мұнай маркасының баррелі 114,80 долларға жетіп, сауда 111,44 доллармен аяқталды.

31 наурыз таңғы сағат 09:12-дегі жағдай бойынша, қымбат мұнай маркасының бағасы 4 пайызға арзандап, баррелі 107,06 доллар болған.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 102,58 доллар болды.

Бағаның төмендеуіне АҚШ-тың алдағы айларда стратегиялық мұнай қорының 180 миллион баррелін сату жоспары әсер етті.

АҚШ президенті Джо Байден мұнай сату туралы 31 наурыз, бейсенбі күні мәлімдейді деп хабарланған.

Сарапшылардың пікірінше, мұнай қорының көп мөлшерін сату бағаның өсуін белгілі бір уақытқа дейін тиімді түрде шектеуі мүмкін.

Халықаралық энергетикалық агенттік жұма күні мұнай тасымалдау мәселесін талқылау үшін кезектен тыс министрлік жиналысына шақырды. Осыған орай, жиналыста қорларды сату туралы шешім қабылдануы мүмкін деген үміт артты. Аталған жағдай мұнай бағасының төмендеуіне әсер етіп отыр.

Бүгін өтетін мұнай экспорттаушы елдер (ОПЕК) министрлерінің және ОПЕК-ке кірмейтін елдердің 27-ші кездесуінде топ өзінің қазіргі өндірістік саясатын ұстанады деп күтілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале