8.11.2022, 16:15
Оқылды: 29

Сот жүйесіндегі жаңа технологияның дамуы

Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технологияны сот жүйесіне енгізу және оны одан әрі жетілдіру сөзсіз сот билігінің беделін жоғарылатып, халық сенімін арттыруға өз септігін тигізері анық. Сот  жүйесіндегі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды іс қағаздарын жүргізу бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. 

sajtqa1

Суреттің дереккөзі: halyqline.kz

Сотқа қандай да болмасын талаппен жүгінісі келетін азаматтар үйінен шықпай-ақ «Сот кабинеті» арқылы талап арыз беруіне мүмкіндіктері бар. Аталған қызметтің мобильдік нұсқасы бар. Бұл сервис сот өндірісін жеңілдетумен бірге саладағы ашықтықты қамтамасыз етеді. Яғни, сот кабинетіне кіру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығынан электронды сандық қолтаңба алу жеткілікті. Сонымен қатар ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті «Сот кабинеті» сервисіне QR-кодтарының жаңа технологиясын енгізген болатын. QR-код арқылы авторизациялау сервисін енгізу аталған ресустарды пайдалану процесін жеңілдете түспек. Халыққа ыңғайлы болу үшін сервистегі авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді.

Ендігі күні азамат пен заң өкілдері QR-код арқылы электронды құжаттардың заңдылығын құра алады. QR-кодты тексеру үшін сізге мобильді сот кеңсесінің соңғы нұсқасын орнату қажет және арнайы функция арқылы QR-кодқа сканерлеу өткізу керек. Осыдан кейін смартфонның экранында барлық керекті атрибуттармен электронды нұсқа шығады.

Тағы бір ауқымды ақпараттық технологияға келсек, ол - соттағы электронды шақырту қағаздары. Бұл ақпараттық технология қарапайым халық мүддесіне қызмет атқарып жатыр деп айтуға болады. Кезінде почта арқылы немесе қолма-қол жөнелту қажет болса, ал, қазіргі таңда SMS  хабарламасын ұялы байланыс нөмері арқылы жолдау уақытты үнемдеумен қатар, жұмыстың оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз етіп отыр.

Сот жүйесінде жаңа технологиялардың өркендеуі, дамуы және оның пайдаланылуы сот ісін жүргізуді жеңілдететіні рас. Бұл тиімді әрі қолайлы өзгеріс.

                                                              Н.Мажитова,

БҚО қылмыстық істер жөніндегі

                                                             мамандандырылған ауданаралық
соты кеңсесінің бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале