18.02.2021, 17:31
Оқылды: 267

Сотқа дейін және сотта дауды шешудің тәртібі

Бұған дейінгі жазбаларымызда өз құқығыңызды қорғаудың маңыздылығы туралы айтқан болатынбыз. Енді соның жекелеген механизмдеріне тоқталып, одан кейін өмірде нақты орын алған оқиғаларға көшсек деп отырмыз.

 C4DF0EFC-7987-4634-8D8A-A10AB02AE699

Адамзат баласы жаратылғалы бері дау-дамай туындамай тұрмайды. Ол кез келген уақытта, кез келген сәтте сіздің де басыңызда орын алуы әбден мүмкін. Жұмыс берушіңізбен, бизнестегі әріптесіңізбен, банкпен, құдайы көршіңізбен, тіпті бұрын-соңды танымайтын адаммен арада дау туындап қалмауына ешкім кепіл бола алмайды. Ал сол дауды шешудің ең тиімді әрі өркениетті жолы қандай? Ол – сот арқылы шешу, яғни соттасу.

Иә, қазақы тәрбиедегі адам үшін құлаққа түрпідей тисе де, даулы мәселе тек сот арқылы ғана өз шешімін табады. Сіз біреулер үшін түкке де тұрмайтын болып көрінетін, ал өзіңіз үшін өте маңызды мәселеде, қарсыласыңызбен өмір бойы дауласып, өштесіп, қырғи-қабақ боп өтуіңіз мүмкін. Ал осы мәселені ащы ішектей создырмай, сот арқылы шешіп, бір жағына шығып отыруыңызға да болады. Оның екі маңызды шарты бар, бірінші – дауды созбай, шешуге деген ерік-жігер, қалауыңыз, екінші – сотқа деген, сот жүйесінің әділдігіне деген сенім. Яғни сіз сотта өз шындығымды дәлелдеймін, әділдікке қол жеткіземін деген сенімде болуыңыз керек. Бірақ сотқа көшпес бұрын, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібіне кеңірек тоқтала кетейік. Бұл енді азаматтық, тұрмыстық, еңбек, тіпті жекелеген жағдайда қылмыстық заңнамаға қолданысқа кейіннен енгізілген және дауды шешудің шын мәнінде дұрыс жолға қойылған жаңа, соны бағыты.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №14 санынан оқи аласыздар.

Абзал Құспан,

адвокат, «Заң және біз» арнайы бетінің

қоғамдық редакторы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале