4.05.2024, 14:37
Оқылды: 68

Су тасқынынан зардап шеккен салық төлеушілердің барлық салық есептілігін тапсыру мерзімін ұзарту туралы

"Төтенше жағдай режимі жариялануына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрі "Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы" 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрыққа қол қойды", - деп хабарлайды ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті.

Ақша JP

Естеріңізге сала кетейік, су тасқынынан зардап шеккен салық төлеушілерге 2024 жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында басталатын салық есептілігінің барлық нысандары бойынша тапсыру мерзімі 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

Тиісінше 2024 жылғы 1 шілдеге дейін салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама беру жөніндегі шаралар қолданылмайды.

Салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ.

Су тасқынынан зардап шеккен салық төлеушілердің тізімі әкімдіктерден алынады.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті салық міндеттемелерін орындау бойынша мерзімдердің орындалуы туралы хабарлаған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/752636?lang=kk

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале