20.11.2023, 16:15
Оқылды: 66

«Сырым ауданы кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жер»

Бүгін БҚО-ның әкімі Қаратөбе, Сырым аудандарының халқымен кездесу өткізіп, аудан әкімдерінің есебін тыңдауда.

сырым аким (4)

Дәл қазір Сырым ауданы Аралтөбе ауылында облыс әкімінің Сырым ауданының тұрғындарымен кездесуі өтуде. Кездесуге барлық басқарманың, құқық қорғау орындарының басшылары шақырылған. Сырым ауданының әкімі Жұмакелді Батырниязов ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндап жатыр.

- Сырым ауданы тоғыз жолдың торабында орналасқан, тіршілікке жайлы, кәсіпке қолайлы мекен. Бүгінде аудан бойынша инвестиция көлемі 3 миллиард 722 миллион теңгені құрады. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс көлемі 16 миллиардтан асты, - деді аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов.

Осы кездесу барысында тұрғындар облыс әкімі Нариман Төреғалиевке де сұрақ қойып, жеке қабылдауына қатысады деп жоспарланып отыр.

сырым аким (5)

Облыс әкімі бүгін Сырым ауданына жасаған жұмыс сапары барысында бірнеше бизнес нысанды аралап көрді.

сырым аким (1)

Алдымен аймақ басшысы күре жолдың бойында салынып жатқан Автокемпинг жұмысымен танысты. Егер бұл нысан іске қосылса ауданда 15 адам жұмысқа орналасады деп жоспарланып отыр. Ал Аралтөбе ауылында салынып жатқан тігін цехы ауылда біраз әйелдің жұмысқа шығуына себеп болады деп күтілуде. Бұл жобаны жеке кәсіпкер жүзеге асыруда, жұба құны - 30 миллионды құрайды.

сырым аким (3)

Екі ауданда өткен кездесуді де облыс әкімі өзі қорытындылады.

Аймақ басшысы өз сөзінде қазір мемлекеттің басты саясаты ауылдарды көтеруге жұмылдырылып жатқанын айтты.
- Бұрын адамдар қалаға көшті. Қазір сол адамдар ауылға келіп бизнес ашып, ауылды көркейтуге жұмыстанып жатыр. Біз ауылға жастарды көп тартуымыз керек. Себебі ауылдық жердегі мектептер мен балабақшаларға бала керек. Адам санын көбейту керек. Алдағы мақсат ауылдарға жағдай жасау, сондықтан жастар қалада уақыт жоғалтпай ауылға қоныс аудару керек, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале