10.01.2022, 10:11
Оқылды: 91

Тағы үш банк қаза болған полицейлер мен әскерилердің кредитін кешіреді

Бұл туралы Jusan Bank және ВТБ Банк мәлімдеді. "Jusan Bank терроризмге қарсы операциялар және қоғамдық тәртіпті реттеу кезінде қаза болған әскерилер мен құқық қорғау қызметкерлерінің отбасына қайғыра көңіл айтады. Қаза болған қызметкерлердің банктегі барлық кредиті кешіріледі. 

WhatsApp Image 2022-01-10 at 10.08.17

Jusan Bank ТЖ жағдайында банк және мобильді қосымша жұмысындағы іркілістерге байланысты клиенттер төлеміне айыппұл және өсімпұл салу тоқтатылатынын хабарлайды.

Jusan Bank-тың барлық ішкі жүйесі жұмыс істеп тұр. Банк жұмысы кезең-кезеңімен қосылады. Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша банкомат жүйесі толық жұмыс істеп тұр. Мобильді қызмет іске қосылған", - деді банк өкілдері.

ВТБ Банк қаза болған әскерилер мен полицейлер отбасына көңіл айтып, олардың барлық кредиті кешірілетінін хабарлады.

"Сондай-ақ, банк 2022 жылғы 5-19 қаңтар ТЖ кезеңінде заңды және жеке тұлғаларға кредит бойынша айыппұл және өсімпұл салмайды. Салымшылар қаржысы толық сақталған. ВТБ Банк Қазақстан бойынша жағдай тұрақталып, Интернет желісі толық қосылғанына қарай штаттық режимдегі жұмыс кестесіне ауысады", - деді компания өкілі.

Альфа-Банк баспасөз қызметі де қаза болған полицейлер мен әскерилер отбасының кредиті кешірілетінін мәлімдеді.

"Альфа-Банк Қазақстан қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полицейлер мен әскерилер отбасының кредитін кешіреді", - деді Альфа-Банк бас директоры Андрей Тимченко.

Еске салайық, бұған дейін банк 2022 жылғы 5-19 қаңтар ТЖ кезеңінде заңды және жеке тұлғаларға кредит және Alfa Black картасы бойынша төлем мерзімі өтіп кетуіне байланысты айыппұл және өсімпұл есептелмейтінін хабарлаған болатын.

Бұған дейін Halyk Bank жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болған құқық қорғау қызметкерлері отбасына 5 миллион теңгеден беретінін хабарлаған болатын. Ал "ЦентрКредит" қаза болғандар отбасына миллион теңгеден береді. Сондай-ақ, Евразийский банк те қаза болғандар кредитін кешіретінін хабарлаған еді.

Евразийский банк қаза болған әскерилер мен полицейлер кредитін кешіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк 2022 жылдың 5 қаңтарынан 19 қаңтарына дейінгі ТЖ кезеңінде клиенттерге кредит бойынша айыппұл мен өсімпұл салынбайтынын хабарлады.

"Тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған әскерилер мен құқық қорғау органы қызметкерлері отбасына қайғыра көңіл айтамын. Банк олардың кредитін кешіреді. Барлық салымшылар депозиті толық сақталған. Банк карталары әлем бойынша барлық жерде шектеусіз жұмыс істеп тұр. Алматыда вандалдар әрекетінен банктің үш бөлімшесі қирағанына қарамастан басқа ғимарттарда клиенттерге қызмет көрсету мәселесін қарастырып жатырмыз", - деді басқарма төрағасы Валентин Морозов.

Морозов Қазақстанның басқа өңірлерінде және Алматы бойынша қалған бөлімшелер сақталғанын және олардың жұмысы жақын арада жалғасатынын айтты.

Қазіргі уақытта Smartbank қосымшасы жұмыс істеп тұр. Қазақстан өңірлерінде Интернет желісіне байланысты уақытша үзілістер байқалады.

Бұған дейін Halyk Bank жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасына 5 миллион теңгеден беретінін хабарлаған болатын. Ал "ЦентрКредит" қаза болғандар отбасына миллион теңгеден береді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале